Мектеп • 14 Қыркүйек, 2023

«Жайлы мектептің» жайы пысықталды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы жекелеген тапсырмаларын орындау барысы жөнінде кеңес өткізді.

«Жайлы мектептің» жайы пысықталды

ФОТО: halyq-uni.kz

МЖӘ саласында атқа­рылып жатқан жұмыстар туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов баяндады. Атап айтқанда, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында кемінде 600 орындық орта білім беру ұйымдары нысандарын салу бойынша жаңа тетікті енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Оқушы орындары Ұлттық жобада бекітілген жобалау міндеттеріне сай болмақ.

Б.Құдайбергеновтің айтуынша, жоба Оқу-ағарту министрлігі жасаған тізімге сәйкес инвестор мен білім беру ұйымы­нан тұратын консорциум құру арқылы жүзеге асырыл­мақ. Осы орайда консорциум мүліктің меншік үлесін анықтайды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бизнес-қауымдастық МЖӘ тетігі арқылы денсаулық сақтау нысандарын сенімгерлік басқаруға қабылдауға қызы­ғушылық танытып отыр. Бұл тетікті іске асыру үшін кәсіп­керлердің айтуынша, Денсау­лық сақтау министрлігі­не қо­сым­ша қаржылық құрам­бөлік енгізу қажет.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 19 сәуір­де Мемлекет басшысының төраға­лы­ғы­мен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында МЖӘ мен жан басына қаржыландыру құрал­дары арқылы ұлттық жоба­ларды іске асыруға биз­несті бел­сенді түрде тартуды қамтамасыз ету, оның ішінде «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларын іске асыру тапсырылған еді.