Қоғам • 15 Қыркүйек, 2023

Мажарстандағы саммитте демографиялық саясаттың моделі ұсынылды

143 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

14-15 қыркүйек күндері  Мажарстанның астанасында «Отбасы: қауіпсіздік кілті» тақырыбында V Будапешт демографиялық саммиті өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мажарстандағы саммитте демографиялық саясаттың моделі ұсынылды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Халықаралық Саммит екі жылда бір рет өткізіледі және саясаткерлер, сарапшылар, дін, бизнес, ғылым мен БАҚ өкілдері демография, отбасы институтына әсер ететін негізгі мәселелерді талқылайтын алаң саналады.

Биылғы іс-шараға 60 елдің өкілдері қатысты. Мажарстан тарапының шақыруымен саммит жұмысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы А.Ғ. Балаева қатысты. Министр Мажарстан, Катар, Түркия, Сербия, Словения, Марокко, Эквадор және басқа да бірқатар елдердің өкілдерімен бірге министрлердің интерактивті панельдік сессиясында сөз сөйледі.

Аида Балаева өз сөзінде: «Жас ұрпақ дәл осы отбасылық институты құндылықтарын, сүйіспеншілік пен қамқорлықты сіңіреді, соның арқасында жастар болашақта өз шаңырағын көтеру үшін өздерін қауіпсіз әрі мықты сезіне алады. Қазақстан – көп этносты мемлекет. Елде 100-ден астам этнос пен 18 діни конфессия өкілдері тұрады. Қазақстан - жастардың елі, қазақстандықтардың орташа жасы – 32 жас. Жастар халықтың 30%-н  құрайды. Демографтар тәуекелдерге тоқталады, десе де біз мемлекеттегі жастықтың энергиясын даму мүмкіндіктеріне айналдыру үшін қолдан келгеннің бәрін саламыз. Бұған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барынша назар салып отыр», деп мемлекеттің тұрақты дамуы үшін отбасы институтының маңыздылығына тоқталды.

саммит2

Сонымен қатар министр  Қазақстанның отбасылық-демографиялық саясатын қалыптастырудың институционалдық негіздерін, оның ішінде реформалар мен әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ балаларды тәрбиелеу процесіне елеулі әсер ететін проблемаларға тоқталып, оларды Қазақстанда шешу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Балаларды тәрбиелеу процесіне тікелей әсер ететін проблемаларға тоқталып, Қазақстан жағдайында шешу жолындағы қабылданып жатқан шараларды баяндады.  

Аида Балаева келесі Саммитте жаңа медианың құндылық бағдарларын қалыптастыруға әсері және заманауи сын-қатерлердің алдын алудағы отбасының рөлін арттыру тақырыптарын талқылауды ұсынды. Министрдің айтуынша, бұл факторлар Саммит спикерлерінен бірнеше рет естіліп, назар аударуды қажет етеді.

Саммит аясында  Венгрияның мәдениет және инновациялар министрі Я. Чакпен және Әзірбайжан Ұлттық Жиналысының төрағасы С.Гафаровамен екіжақты кездесулер өтті.  

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап,  екі елдің отбасылық-демографиялық сала мен мәдени-гуманитарлық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылын арттыруға уағдаласты.