Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова форум кепілдік беру және тұтастай алғанда сақтандыруды дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік бергенін атап өтті. «Мұндай халықаралық деңгейдегі іс-шараны өткізу сақтандыру арқылы қорғау және сақтандыру бизнесіне деген сенімділікті арттыру мәселелерінің өзектілігін көрсетеді», деп атап өтті Агенттік Төрағасы.
Қаржы реттеушісінің басшысы форум қатысушыларымен отандық сақтандыру нарығының кейбір жетістіктерімен бөлісті.
«2022 жылы Сақтандыру нарығын дамыту мәселелері жөніндегі заң қабылданды. Онда сектор үшін маңызды жаңалықтар көзделген. Жаңа әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған өнімдер енгізілді, сақтандыру саласын одан әрі цифрландыру үшін құқықтық база құрылды. Сондай-ақ сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі және көп дәрежеде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі реформаланды», деді М.Әбілқасымова.
Сақтандыру нарығын дамыту мәселелері жөніндегі заңмен қорға қаржы ұйымы мәртебесі берілді және оның мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымдары клиенттерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі рөлі тұжырымдамалық түрде қайта қаралды.
Заңмен қор кепілдіктері сақтандырудың 10 сыныбына, оның ішінде барлық міндетті сақтандыру сыныбына (8), мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыруға және зейнетақы аннуитеттік сақтандыруға қолданылады.
Толық кепілдік беру жүйесіне көшу тетігі құрылды. Бұл қордың уәкілетті органы сақтандыру ұйымын лицензиясынан айырған сәттен бастап кепілдік төлемдерін жүзеге асыруын көздейді. Таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандырудың кепілдік берілген сыныптары бойынша сақтандыру портфелі қордың кепілдік беру резервтері есебінен жаңа сақтандырушыға беріледі.
«Жинақталған кепілдендіру резервтерін есептегенде, қордың кепілдік берілген төлемдер бойынша табысты тәжірибесі агенттікке ең үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанның кепілдік беру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік берді», деді М.Әбілқасымова.
Агенттік төрағасы мұндай маңызды іс-шараны өткізу болашақта халықаралық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретін және Қазақстанның сақтандыру нарығын дамытудың жаңа бағытын беретін жыл сайынғы жақсы дәстүрге айналуы мүмкін екенін атап өтті.