Фото: aifc.kz
«Бүгін Нью-Иорк қаласында екі кездесу өткіздік. Біздің елімізде Wabtec компаниясы 20 жылға жуық жұмыс істейді. Астана қаласында бір мыңға жуық жұмысшы күші бар. Бұл компания американдық локомотив өндіруші болып саналады. Бүгінгі жаңа келісімшарт бұл жаңа кезеңнің бастауы деуге болады. Citiban-тің қаржыландыруы арқылы Wabtec компаниясы елімізде 240 жаңа локомотив құрастырмақ. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сай ортақ дәлізді дамытуға орасан септігін тигізбек. Бұл мәміле 900 миллион АҚШ долларын құрайды. ҚТЖ-ның 15 пайызға жуық локомитивтерін жаңалауға мүмкіндік ашып отыр», деді Р.Бектұров.