Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2023

Киелі жерлерді күтіп ұстау – аманат

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Kieli tabigat» экологиялық акциясы Жамбыл облысында да жал­ғасты. Өңірдегі киелі жерлерді тазалап, қалпына келтіру, құнды­лықтарға құрметпен қарауды жастардың бойына сіңіру мақса­тында өткізілген сенбілікті облыс әкімдігі Жастар саясаты мәсе­лелері басқармасы жастар қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе атқарды.

Киелі жерлерді күтіп ұстау – аманат

Акция барысында белсенді жас­тар өңірдегі барлық тарихи орынды тазалау жұмысына жұмыла атса­лысты. «Тарихы мыңжылдықтар­­мен астасып жатқан өңірімізде қасиет­ті орындар аз емес. Акция аясында жам­былдық жастар Айша бибі, Тараз қала­сындағы Қарахан, Байзақтағы Бай­зақ датқа, Тұрар Рысқұлов ауда­нын­дағы Дулат баба, Жуалыдағы Батырбек датқа, Мойынқұмдағы Керей мен Жәнібек кесенесін, сондай-ақ Меркі, Тамды, Баркуаб, Баласағұн (Ақтөбе) қалашықтары, өзге де киелі орындардың маңын қоқыстан тазарту жұмысына белсенді қатысты», дейді облыс әкімдігі Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар.

Дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген акцияны өңірлерде жастар ресурстық орталықтары ұйымдастырғанын атап өткен жөн. Орталық келтірген дерекке сенсек, сенбілікке 450-ге жуық жас жұмыла қатысыпты.

«Киелі жерлерді күтіп ұстау – бізге аманат. Өңіріміздегі тарихи қала­шықтарды көруге келетін турис­тер аз емес. Олар тарихи орын­дардың айналасын таза ұстап, қоқыс лақ­тырып кетпесе екен дейміз. Қор­ша­ған ортаға жанашырлықпен қарау да мәдениет. Жұрт осыны есі­нен шығармаса екен», дейді Айша бибі кесенесінің маңын қоқыстан тазартқан жастар.