Экология • 18 Қыркүйек, 2023

Айналасы айнадай

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау ауданында өткен «Kieli tabigat» экологиялық акциясы кезінде бір ғана Әулиетау баурайында ұйымдастырылған сенбілікке 100-ден астам жас қатысты.

Айналасы айнадай

Экологиялық мәдениетті арт­тыру­ды мақсат тұтқан іс-шара кезін­де Жастар ресурстық орталығы Әулие­тау, (Ақмешіт әулие), Едіге, Алтын­шоқы таулары, Теректі әулие петро­глиф­тері, Домбауыл, Жошы хан, Ала­ша хан кесенелері, Хан орда­сы, Бұланты шайқасы өткен киелі жер­лерді қоқыстан тазартып, осы жер­лердің бәрінде сенбілік ұйымдастырды.

– Сенбілік барысында жергі­­лік­ті тұрғындардың, сондай-ақ кие­лі мекендерге арнайы келетін турис­тер­дің айна­ланы бүлдірмей таза ұстауға дағдыланып келе жат­қанын көріп қуандық. Өйткені, тау етегіне қыды­рыстап келетін көпшіліктің соңында бұрын көп қоқыс қалатын. Кешегі сенбілікте біз мұны байқамадық. Жел­­мен ұшып келген азды-көпті қа­ғаз қалдықтары кездескені болмаса, ай­­тарлықтай қоқысты көрмедік. Ха­лық қоқыс шаш­­пау­ды үйреніп келеді, – дейді Ұлы­­тау ауданы Жастар ресурстық ор­та­­лығының инспекторы Ақерке Кәрімова.

 

Ұлытау облысы