Қоғам • 18 Қыркүйек, 2023

Үміткерлер үзеңгі қағыстырады

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Mecenat.kz» әде­би бай­қауының биыл­ғы III мау­сымына шығар­маларды қабылдау бас­талды. Өті­німдерді тір­кеу 2024 жыл­дың 14 сә­уіріне дейін жал­ғасады.

Үміткерлер үзеңгі қағыстырады

«Mecenat.kz» әдеби байқауы ІІІ маусымын ашық деп жария­лап, өтінімдерді қабылдауды бас­тады. Негізгі тақырып – еліміз туралы қазақ немесе орыс тілінде жазылған шығармалар үміткер бола алады. Байқауға қатысатын романның көлемі – бос орындармен есептегенде 150 000 белгіден бастап, 300 000 белгіге дейін болуы шарт.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау ережесіне басқа да өзгерістер енгізілген. Байқауға қатысушы өтінімді дұрыс, та­лапқа сай қылып ұсынуға тиіс екенін, өтінімде қандай да бір қа­телік болса, қатысушы өзі жа­­уап береді. Яғни байқаудың ере­желеріне сай келмейтін, ере­жені бұзған қолжазбалар бай­қаудың кез келген кезеңінде шет­тетілмек.

Айта кетейік, дүбірлі додада бір автор ғана жеңімпазы болады. Ол өмір бойына айына 500 АҚШ долларын алып отырады.