Фото: joryq.kz
Марафон-бәйгеге қатысушы 20 команданың арасынан 1300 шақырымды тек 4 команда ғана аяқтады. Жетісу облысының шабандоздары жалпы уақыт көрсеткіші бойынша оқ бойы озық келді. Екінші орын Ақтөбе облысының командасына бұйырса, үштікті Алматы қаласының командасы түйіндеді. Төртінші орын Абай облысының шабандоздарына бұйырды.
Екі апта бойы аттан түспей 1300 шақырым жерді басып өткен шабандоздарды марапаттау рәсімі бүгін «Түркістан арена» стадионында өтеді.