Comic Con Astana фестивалі Қазақстанда екінші рет өтті. Астана даму орталығы қолдау білдірген бұл іс-шара елорданы тек қана ресми, іскерлік шаралар өтетін алаң ғана емес, жастарға арналған қызықты мәдени оқиғаларды тарта алатын жаңа орталық ретіндегі мәртебесін нығайтуда маңызды қадамдардың бірі болды.
Comic Con Astana-ның негізгі оқиғаларының бірі жалпы жүлде қоры 10 000 000 тг болатын кәсіби косплейерлер байқауы болды. Оған әлемнің 5-тен астам елінен келген косплей командалары қатысты.
Байқаудың гран-приі 3,5 млн теңгені RaidShadowLegends-тегі Харима кейіпкерінің косплейі үшін Келлер никнеймі бар 23 жастағы косплейші алды. Бірінші орын үшін 1,6 млн теңге жүлдені Diablo-дағы Lilith кейіпкерін бейнелегені үшін Isabelka никнеймі бар 28 жастағы студент косплейер алды. Екінші орын және 1 млн теңгені God of War Ragnarok-тағы валкирия патшайымы Фрейя кейіпкері үшін 29 жастағы алматылық Таис Туканова жеңіп алды. Үшінші орын және 700 мың теңгені Horizon: Forbiddenwest-тегі Элой бейнесін бейнелегені үшін Алматыдан келген 20 жастағы көркемсурет мектебінің мұғалімі Reddisson деген никнеймі бар косплейер қыз алды. Сондай-ақ қазылар алқасы техникалық жағынан ең күрделі, ең егжей-тегжейлі тігілген костюм, үздік қойылым және т.б. номинациялар бойынша сыйлықтар берді.