Марапат • 19 Қыркүйек, 2023

Өрттен баланы аман алып шыққан азаматтар марапатталды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көпқабатты тұрғын үй пәтерінде тұтанған өрттен баланы аман алып шыққан Қарағанды өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының әскери қызметшілері марапатталды, деп жазады Egemen.kz.

Өрттен баланы аман алып шыққан азаматтар марапатталды

Фото: Қорғаныс министрлігі

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов тұрғын үйде болған өрттен баланың өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін сержант Жандос Айтқалиды «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен, ефрейторлар Шыңғыс Ерқанат пен Ізбасар Төлеутайды алғыс хаттармен марапаттады.

Әскери қызметшілер көпқабатты үй жанынан өтіп бара жатып, бірінші қабат терезесінен пәтердің түтіндеп жатқанын байқаған. Сержант Жандос Айтқали сол тұста тұрғандардан пәтерде бала бар екенін естіп, бірден отқа оранып тұрған пәтерге кірген. Түпкі бөлмеден баланы алып шығып, терезеден әріптестеріне тапсырған. Сол мезетте жеткен өрт сөндірушілер де өртті ауыздықтауға кірісіп кеткен.

Әскери қызметшілер «мұндай жағдайда кез келген адам қарап тұрмастан солай қылар еді», дейді. Үш әскери қызметшінің батыл әрекеттері интернет-кеңістікке шыққанда ғана белгілі болды.