Фото: ашық дереккөз
Қазақстан спортшылары 30 спорт түрінен 305 медальді сарапқа салады. Қазақстан құрамасы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді.
«Қазақстан Ханчжоуға спорттың 30 түрінен 525 спортшыны жеткізеді. Оның 27-сі Олимпиада бағдарламасына енген, қалған үшеуі олимпиадалық емес спорт түрлері. Сондай-ақ алдағы жарыста 8 спорт түрі бойынша Париж Олимпиадасына жолдама сарапқа салынады. Олар: бокс, садақ ату, заманауи бессайыс, жүзу, брейк, допты хоккей, теннис және жеңіл атлетика. Спорттың 4 түрінен рейтингтік ұпайлар ойынына қатысады. Олар: тхэквондо, дзюдо, триатлон, бадминтон», делінген ведомство хабарламасында.
Азия ойындарының ашылу салтанаты 23 қыркүйекте Олимпиадалық спорт орталығының стадионында өтеді. Жарысқа құрлықтың 45 елінен 15 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар спорттың 40 түрінен 481 медаль жиынтығы үшін күреседі.