Басылым • 21 Қыркүйек, 2023

Балдырғанға – тәбәрік

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақын Болат Үсенбаевтың кезекті жыр кітабы қолы­мызға тиді. Бұл жолғысы «Тәуелсіздік деген не?» ата­лыпты. Балаларға ар­налған өлеңдер мен ерте­гілер топтастырылған жи­нақ мемлекеттік тапсырыс­пен былтыр шығыпты.

Балдырғанға – тәбәрік

Байқауымызша, қазір балалар әдебиеті ақсап тұрғанға ұқсайды. Балаларға арналған, оларды қызықтыратын шығарма көп емес. Бұл бүгін ғана айтылған сөз емес. Бұрынғыны былай қойғанда, кейінгі отыз жыл мұғдарында дербес елдің тілі мен мұратын аңғартатын балалар әдебиеті қалыптасып келе ме, жоқ па деген сұрақ бар. Осы олқылықтың орнын тол­тыру ұлттық мұрат десе бол­ған­дай. Өйт­­кені оқырман ұлт қалып­тас­тыру мектептен басталатыны белгілі.

Бұған дейін бірнеше жыр жи­нағы жарық көрген автордың мына еңбегі осы тұрғыдан алғанда, айтарлық дүние. «Тәуелсіздік шуағы», «Құрмет жырлары», «Ең жақсы күн», «Балабақша жырлары», «Табиғат тылсым әлем», «Жақсы мен жаман», «Шынықсаң шымыр боласың», «Ертегілер мен аңыздар» атты сегіз бөлімнен тұрады жинақ. Санасы енді-енді қалыптасып келе жатқан жас ұрпақтың түсінуіне жеңіл, ұғынықты тілмен жазылған тақ­пақтар баршылық секілді. Балаларға арналған шумақтар «Құрмет жырлары», «Мерекелік жырлар» болып тақырыптық тұрғыда шоғырланғаны да назар аудартады. Атаулы күн, әлде­қандай мереке қарсаңында кейде оңды тақпақ таппай қала­тынымыз бар ғой. Сонымен қатар автордың жас ұрпақ үшін отырып еңбектенгені көрінеді. Бала санасына азаттық, Отан туралы ұғымдарды сіңіріп өсіру – бар­лығымыздың борышымыз.