Қоғам • 22 Қыркүйек, 2023

Қарағанды тұрғынын алдаған алаяқ Алматыда ұсталды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында жергілікті тұрғынды телефон арқылы алдап, қомақты қаражатын жымқырған шетелдік азамат Алматыда ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Қарағанды тұрғынын алдаған алаяқ Алматыда ұсталды

Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысының полицейлері Қазақстан азаматтарының 15 миллион теңгесін жымқырған Ресей азаматын Алматы қаласынан ұстады.

Облыстық полиция департаментіне 51 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны арызбен шағымданды. Белгілі болғандай, жәбірленушіге белгісіз біреу банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрмыз деп алдаған. Кейін белгісіз азамат жәбірленушіге оның атынан біреулер несие рәсімдеп жатқанын айтып, есеп-шотын бұғаттау қажеттігін алға тартқан. Осы әңгіменің соңында жәбірленуші алаяқтарға 5,2 млн теңгеден астам қаражат жіберген.

Алаяқтың үстінен аталған дерек бойынша  ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.