Қоғам • 24 Қыркүйек, 2023

Жасын ғұмыр жарқылы

237 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада көр­некті жазушы, драматург, Мем­лекеттік сый­лық­­тың лау­­реаты Орал­хан Бө­­кей­дің 80 жыл­дық ме­рей­тойын атап өту іс-ша­ра­лары жалғасып жатыр. Еске салсақ, қа­ламгердің өмірі мен шығар­ма­шы­лы­ғына арналған көр­меден басталған іс-ша­ралар легі дөңгелек үс­тел басындағы рухани жи­ын­ға ұласқан еді.

Жасын ғұмыр жарқылы

Күні кеше ғана мерейтой аясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық музейде «Жасын ғұмыр жазушы» атты әдеби кеш өтті.

Алқалы жиынға жазушының қарындасы Ғалия Бөкейқызы, Астана қаласы әкімдігі Әдіс­­темелік орталығының қыз­мет­керлері, № 55, 69, 72, 73 мек­­­тептердің оқушылары мен ұстаз­дары қатысты.

Әдеби кеш жазушының өмірі мен шығармашылығына ар­налған деректі фильмнен үзінді көрсетуден басталды. Үзіндіде Жүрсін Ерман, Әбіш Кекіл­баев, Дулат Исабеков, Кә­дірбек Сегізбаев, Әшірбек Сы­ғай сынды ақын-жазушылар, қоғам және өнер қайраткерлері Оралхан Бөкей туралы ой-пікір­лерімен бөліседі.

Әдеби кешке арнайы ша­қырылған қонақ, жазу­шы­ның қарындасы Ғалия Бө­кей­қызы: «Үлкен тұлғалар қай­дан шығады? Бала кезінен қа­­лыптасады. Ал баланы тәр­­биелейтін кім? Бірінші – ата-ана, екінші – ұстаз. Сол се­бепті жиналып отырған ұс­таз­дар­ға, осындай іс-шара ұй­­ым­­­дас­тырып отырған Ұлт­­тық музей ұжы­мына ал­ғыс білдіремін», деді. Ға­лия Бө­кейқызы қа­ламгер бауы­ры­ның өзінің ту­ған же­ріне деген махаббаты, сабақ уақ­ы­­тын­да әдеби кі­таптарды оқып отыратын әдеті, оның сүйікті ав­тор­лары, кіш­кентай кезіндегі жа­зушы боламын деген арманы, ерекше есте сақтау қабілеті мен ағасы екеуінің арасындағы қарым-қатынасы туралы айтып берді.

Келесі кезекте Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінің «Топжарған» клу­­бы­ның мүшелері өздері жаз­ған өлең, тер­ме, монологтерін оқып, орт­аға өнерлерін салды.

Астана қаласы №72 және №73 мектеп-лицейлері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұға­лім­дері жазушының шығар­малары туралы ойларымен бө­лісіп, өскелең ұрпақты әдеби шы­ғармаларды жиі оқуға ша­қырды.

Іс-шара барысында музей­дегі «Кескіндеме және графика» үйірме сабағына қаты­су­шы оқушылар Оралхан Бө­кей еңбектерінің сюжетіне негіз- д­елген суреттер салды.

Келген қонақтарға алғыс- хат­тар табысталды.