Саясат • 25 Қыркүйек, 2023

Жастар алаңындағы ықпалдастық

193 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің аясында «Жастар кеңістігі: Әділетті әлем және келісім» халықаралық жастар саяси лагерінің жұмысы басталды. Іс-шараны «Amanat» партиясының «Жастар рухы» қанаты ұйымдастырды.

Жастар алаңындағы ықпалдастық

Халықаралық жастар сая­си лагерінің жұмысына Мә­жіліс спикері, «Amanat» пар­­тиясының төрағасы Ерлан Қошанов қатысып, жастарды құттықтады. Құттық­тау сөзінде Ерлан Қошанов ШЫҰ-ға мүше және байқаушы мемлекеттердің алдында тұрған міндеттерді іске асырудағы жастардың рөліне тоқталды.

«Қазіргі заманда барлық елдің тең құқықтық негіздегі өзара іс-қимылы үшін жағдай жасау аса маңызды. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­станның ШЫҰ-ға төрағалығы барысында «Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы» бастама ұсынуға ниетті екенін мәлімдеді. Ол ШЫҰ мен оның кеңістігінің одан әрі даму бағдарын ай­қын­дайды. Бұл жұмысқа ШЫҰ-ға кіретін барлық ел жас­­тары­ның белсенді араласуы ма­ңызды», деді ол.

Саяси лагерьге еліміздің барлық өңірі­нен келген 300-ден астам делегат, сон­дай-ақ Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбек­станнан келген қонақтар 4 күн бойы «Bir Tolqynda» диалог алаң­дарының, тақырыптық панельдік сессиялар мен оқыту семинарларының жұмысына қатысты.

Биылғы шілде айында Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде, «үш зұлым күшке»: трансұлттық ұйым­дасқан қыл­мыс­қа, заңсыз есірткі айналымына және кибер­қылмысқа қарсы күреске баса мән бері­летінін айтқан болатын. Сондай-ақ Мем­лекет басшысы цифрлық техно­логия­ларды дамытудың өзектілігіне және эко­логия саласындағы өзара іс-қимыл­ды нығайтуға на­зар аударған еді. Осы мақ­сат­ты жү­зеге асырудың бір тетігі ре­тін­де халықаралық жастар саяс­и ла­герінің жұмысын айтуға болады.

«Ең алдымен, Президент белгілеген күн тәртібіне сүйене отырып, біз басқа елдердің жас­тар белсенділерімен ком­му­­ни­кациялық байланысты ны­ғайтамыз. Жас­тардың әлеуетін тиімді пайдалану және олардың күш-қуатын қазіргі жағ­дайды жақ­­сартуға және сенімді бола­­­шақты қалыптастыруға бағыт­­тау маңыз­ды», деді өз сөзін­де «Жас­тар рухы» ұйымы төраға­сы­ның орынбасары Ақерке Ескендірова.

Ал Шымкенттен келген делегат Бақытжан Тұрысбек мұндай деңгейдегі іс-шараға алғаш рет қатысып отыр екен. «Жастар рухы» ұйымы­ның бар­лық мүшесі еліміздің және ШЫҰ-ның ең белсенді жас­тарының басын қосқан бұл іс-шараны асыға күтті. Түрлі сала­да жүрген жастар жиналатын ортада өзара тәжірибе алмасып, аймақтағы және өзге елдерден келген жас­тармен досты­ғы­мызды нығайта түсеміз. Бұдан бөлек, лагерьдің күн тәртібі аясында өтетін семинарларды да атап өткен жөн. Мәселен, есірткімен күрес тақы­рыбы аясында тренинг жоғары деңгейде өтті», дейді делегат Бақытжан Тұрысбек.

Жалпы, іс-шара барысын­да Қытай Халық Респуб­лика­сындағы ШЫҰ Жастар кеңесінің Ұлттық бөлімінің мүшесі Ян Цзиньвэй, Қырғыз Рес­публикасы Мәдениет, ақ­парат, спорт және жастар саясаты министрінің орын­­басары Марат Тағаев, Өзбек­стан Республикасы Олий Мәжі­лісінің заң шығару палатасы жанындағы Жастар пар­ламентінің мүшесі Гузал Абдул­лаева, ШЫҰ Жастар кеңесінің Үнді Ұлттық бөлімінің мүшесі, Халық­аралық студенттер одағы­ның президенті Шоукат Хашим, ШЫҰ Жастар кеңесінің Ресей Ұлттық бөлімінің басшысы Алексей Карпенко, Тәжікстан Рес­пуб­ликасы Жастар одағы аппа­ратының басшысы Фари­дун Хусензода, Беларусь Рес­пуб­ли­калық Жастар одағы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Александр Лукьянов сөз сөйледі.