Бүгін гимнастика, крикет, велоспорт, семсерлесу, оқ ату, есу, скейтборд, дзюдо, жүзу, таэквондо және ушудан финалдық жарыстар өтеді.
Қазір ҚХР құрамасы 20 алтынмен Азия ойындарының медальдық есепте көш бастап тұр. Екінші орында Оңтүстік Корея құрамасы, үшінші орында Жапония. Қазақстан 2023 жылғы Азия ойындарында 10-орында тұр.
Айта кетейік, Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтетін 19-шы Азия ойындарында 61 спорт түрінен барлығы 481 медаль сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы спорттың 30 түрінен қатысады.