«Қазгидрометтің» хабарлауынша, республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстік пен шығыста екпінді жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында түнде 1-3 градус суық, түнде Ақмола облысының шығысында топырақ бетіне 1 градус аяз түседі.
Қызылорданың орталығында, шығысында және оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Түркістан облыстарының шөлді аймақтарында жоғары өрт қаупі бар.