Құрбысының суретін телефонынан көрсетіп, көзіне жас алған спортшының айтуынша, ол Қызылорда тас жолында көлік апатынан қайтыс болған.
«Жүлдемді көз жұмған жан құрбыма арнаймын. Жақында ғана өткен қырқына қатысып осында келдім. Онымен интернатта бірге оқығанбыз», деді Әбиба Абужақынова.
Еске салайық, Азиаданың алғашқы күнінде дзюдошы Әбиба Абужақынова 48 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алды.