Сенат • 26 Қыркүйек, 2023

Сенаторлар мемлекеттік саясаттағы этносаралық саланың басымдықтарын талқылады

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары – «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері этносаяси сауаттылық бойынша семинарға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар мемлекеттік саясаттағы этносаралық саланың басымдықтарын талқылады

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Кездесуге қатысушылар этносаралық қатынастар саласындағы мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, ұлт бірлігін қамтамасыз ету, этносаралық ахуалға төнетін қауіп-қатерді анықтау және алдын алу, мигранттарды интеграциялау, әлеуметтік желілерде «араздық туғызуды» еңсеру, этникалық немесе тілдік қағидат бойынша кемсітушіліктің кез келген түріне жол бермеу және зерттеу жобаларын қаржыландыру мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтындағы Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры өңірлердегі этносаралық жағдайды зерделеу, сондай-ақ этносаралық шиеленістің алдын алу мақсатында институт жүргізген мониторингтік сапарлар туралы айтып берді.