Фото: ашық дереккөз
Батыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжановтың айтуынша, Жаңақала ауданындағы «Ізденіс» ЖШС және Ақжайық ауданындағы «Батыс-НЫК» серіктестіктері ақбөкен етін халыққа заңды түрде сататын болады.
Нұрлан Рахымжанов Батыс Қазақстандағы Жәңгір хан атындағы агротехникалық университеті дайындаған биологиялық негіздемеге сәйкес, өңірдегі киіктердің саны 500-560 мыңнан аспауы тиіс екенін атап өтті. Бүгінде олардың саны 1 миллион 800 мыңды құрайды.
Киіктердің көбеюі жайылымдық жерлерге зиян келтіріп, экологиялық жағдайға кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан санды реттеу үшін бірқатар дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 19 қыркүйекте Экология және табиғи ресурстар министрлігі киіктерді реттеуге жататын жануарлар қатарына қосу туралы қаулы шығарды.