«Қазгидромет» РМК болжамына қарағанда, алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Елде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
«Түнде және таңертең Қазақстанның солтүстік жартысында, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман күтіледі. Еліміздің шығысында 28-29 қыркүйекте түнде 1-3 градусқа дейін аяз болады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.