фото: Polisia.kz
«2002 жылғы азамат бастапқыда есірткі саудасымен айналысқан. Кейін ол өзін синтетикалық препараттарды өңдеу және тазарту саласында «химик» ретінде сынап көрген. Жас лаборант нұсқаулықтарды интернет арқылы алған. Ол есірткіні жасырын түрде өндіріп, ірі мөлшерде сақтаған», дейді Алматы қалалық ПД есірткіге қарсы күрес басқармасының басшысы.
Тінту кезінде полиция қызметкерлері түрлі түсті белгісіз заттар салынған түрлі ыдыстарды, арнайы зертханалық шыны ыдыстар, электронды таразылар, хош иістендіргіштер, қолғаптар, маскалар және синтетикалық психотроптық затты өндіруде қолданылатын басқа да заттарды тәркіледі.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Есірткі сатушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.