Фото: Ашық дереккөз
«Қытай Халық Республикасындағы мереке күндеріне байланысты осы жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың көлік құралдары мен жүктері өткізілмейді. Бірақ Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады», делінген хабарламада.
Комитет тасымалдаушыларға және шекарадан өтуге ниет білдірушілерге аталған өзгерістерді ескере отырып, жол бағдарын алдын-ала жоспарлау қажет екендігін ескертеді.