Спорт • 28 Қыркүйек, 2023

Азия ойындары: Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко алтыннан алқа тақты

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай қаласы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында  Қазақстан спортшылары Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия ойындары: Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко алтыннан алқа тақты

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтыннан алқа тақты. «Скит» жаттығуының финалында Қазақстан спортшылары Кувейттен келген қарсыластарынан озды. Қорытынды есеп – 40:35

Айта кетсек, бұл Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін үшінші алтын медаль. Естеріңізге салайық, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған Қазақстанның әйелдер командасы «скит» жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын орнатты. Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды.

Спорт

Спортшыларды, жанкүйерлерді және команданың жаттықтырушылар штабын аталған жеңіспен құттықтаған Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев: «Бүкіл ел мергендерімізбен мақтанады. Бұл жеңіс жеткіншектерді осы спорт түрімен айналысуға шабыттандыратынына сенімдімін», деді.

Спорт