Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2023

Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезі өтеді

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) ҚР ҰКП Төралқасы съезд  шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.  

Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезі өтеді

ҚР ҰКП Съезі 2023 жылдың 17 қарашасында сағат 10:00-де өтеді.

Съезді өткізу формасы: көзбе-көз (шектеу шараларын енгізген жағдайда бейнебайланыс конференциясын пайдалану форматында қашықтан жұмыс істеу).

Өтетін орны: Астана қаласы, Достық көшесі 16 (The Ritz-Carlton, Astana).

Тіркелу: 9.00-ден 10:00-ге дейін

Күн тәртібі:

1. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының жекелеген мүшелерін атқаратын лауазымынан босату және лауазымға сайлау.
2. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ревизиялық комиссиясының мүшесін атқаратын қызметінен босату және қызметке сайлау.
3. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ревизиялық комиссиясының 2022 жылғы жылдық есебін бекіту.
4. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататын 2022 жылғы қызметінің қорытындысы туралы жыл сайынғы есебін бекіту.
5. Басқа мәселелер:
5.1. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жарғысына өзгерістер енгізу.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар электрондық байланыс арқылы съезд өтетін күнге дейін қатысушыларға қосымша жіберіледі.

Анықтама  телефондары: +7(7172) 91-93-90, 1432