Қазақстан құрамасы екі алтын медальді қанжығаларына байлады.
Еске сала кетсек, Зухра Ирназарова 10 метр қашықтықтан қозғалатын нысанаға атудан үздік болды. Одан бөлек, стенд атудан аралас жұптық турнирде Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко дуэті жеңіске жетті. Скит жаттығуларының финалында қазақ спортшылары Кувейттен келген қарсыластарынан озық болды. Қорытынды есеп - 40:35.
Енді еліміз 12-орыннан 9-орынға көтерілді.