Сенат • 28 Қыркүйек, 2023

Сенаттағы «Өңір» депутаттық тобының көшпелі отырысы өтті

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Серік Шайдаровтың төрағалығымен Ақмола облысының Родина ауылында «Өңір» депутаттық тобының көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаттағы «Өңір» депутаттық тобының көшпелі отырысы өтті

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаторлар сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Сондай-ақ «Родина» агрофирмасы» ЖШС басшылығымен кездесіп, өңірлерді дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Шара барысында жер заңнамасы мен инфрақұрылымның проблемалық мәселелері талқыланды. Серік Шайдаров өз сөзінде еліміз Президентінің өңірлер мен ауыл шаруашылығын дамыту саласы бойынша алға қойған міндеттері туралы айтты және Мемлекет басшысының бастамаларын заңнамалық қолдау жөніндегі сенаторлардың қажырлы қызметі туралы атап өтті.

«Ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында ең бірінші тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету міндеті тұр. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында айтқандай ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді 70 пайызға жеткізу қажет. Бұл елдің ауылшаруашылық өнімдерін экспортын арттырып, азық-түлікке ішкі сұранысты толыққанды қамтамасыз етуге жол ашады. Депутаттар осы нақты міндетті орындау және адамдарды өнімді қайта өңдеуге ынталандыру үшін тиісті заңнамалық өзгерістерге ұсыныстар дайындап жатыр», деді сенатор Шайдаров.

Көшпелі отырыс жұмысына Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Цифрлық даму, Еңбек және Су ресурстары министрліктерінің, сондай-ақ өңірдің салалық сарапшылары мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.