Президент • 29 Қыркүйек, 2023

Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президенті Ранил Викрамасингхемен кездесті

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі ел арасында өзара қолдауға және мазмұнды саяси диалогқа негізделген берік серіктестік қатынас орнағанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президенті Ранил Викрамасингхемен кездесті

Қазақстан Президенті сауда және инвестициялық байланыстарды одан әрі жандандыра түсу үшін үкіметтер деңгейінде пәрменді шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев виза режиміне қатысты шарттарды жеңілдету және екі ел арасында тікелей әрі тұрақты әуе рейстерін ашу маңызды екеніне назар аударды.

Тараптар халықаралық ұйымдар аясында, атап айтқанда БҰҰ деңгейінде өзара ықпалдастықтың маңызды аспектілерін талқылады.

Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентін биыл өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Ьсд