Үкімет • 29 Қыркүйек, 2023

Ғылымның үздіктері анықталады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласында 2023 жылғы Қазақстан Республи­касының Мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Ғылымның үздіктері анықталады

Мемлекеттік сыйлықтарды алуға барлығы 13 жұмыс ұсынылды. Алдын ала іріктеуден кейін екінші кезеңге 8 жұ­мыс өтті. Жұмыстарды қарау және мемлекеттік ғылыми-техника­лық сараптаманың қорытынды­ларын тыңдау нәтижесі бойынша комиссия тиісті ұсынымдарды әзірледі.

Аталған сыйлықтар ғылым мен техника саласы қайраткерлерінің еңбегін жоғары деңгейде тану болып табылады және білімнің жаңа салаларын, білімнің бір саласында жаңа бағытты ашқан ғылыми жаңа­лықтар, монографиялар мен ғылыми жұмыстар, техниканың, материалдар мен технологиялардың жаңа түрлерін өндіруді әзірлеу және ұйымдастыру, сондай-ақ ғы­лы­ми, ғылыми-техникалық және ин­но­­вациялық қызметтің басым әлеу­меттік-экономикалық мін­дет­терді шешуді және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін нәтижелер үшін беріледі.