Көрме • 29 Қыркүйек, 2023

Қазақ туындысы – Лондонда

289 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Лондон төрінде Гүлнұр Мұқа­жа­нова мен Айғана Ғалидың жеке көрмесі өтіп жатыр. Three Highgate галереясында өткен «La Makan, Cosmic Corporeality» көрмесінде суретшілер ата-баба тарихынан сыр шертіп, қазақ мәдениетін таныстырады.

Қазақ туындысы – Лондонда

Суретші Гүлнұр Мұқажанова өз жұмыстарында негізінен киіз және мата пайдаланады. «Босаға» туындысы сол материалдардан жасалған. Қазақтың «Табалдырықты баспа, босағада тұр­ма» деген тыйымдары автордың қыл­қа­ламында да көрініс табады. Яғни ұлттың талай ғасырларға ұласқан дәс­түр-ұғымдары бейнеленген. Кө­рерменді таңғалдырған тағы бір туынды – малдың терісінен жа­салған адам денесінің мүсіні. Жүрек тұсында шаншылып тұрған инелер мың өліп, мың тірілген қазақ халқының қайғы-қасіретін сипаттайды.

«Көшпелілер уақытында ата-бабала­рымыз қаншама қиын­дықтардан өтті. Сонда да бү­гін­гі ұрпаққа бай салт-дәстү­рі­міз, мәдениетіміз жетті. Ме­­нің мақ­сатым – қазақтың әруақ­та­ры­ның рухын көрсету, сақтау, әлем хал­қына жеткізу, құрметтеу», дейді Гүлнұр Мұқа­жанова.

пар

Айта кетейік, бұл – Гүлнұрдың Лон­дондағы үшінші көрмесі. Ал өзі Берлинде тұрады. Он жыл­дан астам уақыттан бері шығар­машылығы арқылы Германияда туған жерін танытып жүр.

«2022 жылдың наурыз айында Ай­ғанамен алғаш кездескенде-ақ оның шы­ғармаларына тәнті болдым. Біз әртүрлі стиль мен фор­маларда жұмыс жасасақ та, бізді ерекше жақындастыратын күш бар. Ол біздің тамырымызда, тарихымызда, ата-бабалары­мызда, жерімізде жатыр. Біз бойымыздағы ұқсас энергияны сезіндік», дейді Г.Мұқажанова.

ав

Айғана Ғали да шетелдік көр­мелерге жиі қатысатын суретші. Ол Лондондағы көрмеге «Тәңір» сериясына кіретін кар­­тиналарын әкелген. Өмірдің қалай бас­тау алып, жалғасатынын жеткізуге тырысқан.

«Мен үшін, ең алды­мен мә­дение­тімізді көрсету маңызды. Біздің еш­кімге ұқса­май­тын мента­литетіміз бар, оны бар­шаға түсінікті тіл­мен, өнер тілі­мен жет­кізу қажет», дейді Айғана Ғали.

Көрмені Лондондағы Ai­nalaiyn Space заманауи өнер ұйы­мы ұйым­дас­тырды. Оның арт-ку­ра­торы және негізін қалаушы Ин­дира Дүйсебаева-Зиябек серік­тестері Лоран Леман және Дина Бай­­тасовамен бірге AIDA (Халық­ара­лық өнерді дамыту қауымд­астығы) коммерциялық емес өнер ұйымы арқылы Орталық Азиядағы заманауи өнермен он жылдан бері жұмыс істеп келеді. Игі бас­тама 2013 жылы Венециядағы Қазақ­станның жеке павильонынан бас­талыпты. One Step/pe Forward көрмесі еліміздің алғашқы заманауи өнер шоуы ретінде танылды. Ол көрмеде қазақ даласының кеңдігі негізгі тақырып болған еді. Ұйымдастырушылар Орталық Азиядағы заманауи суретшілерге қаншалықты қолдау қажет екенін түсіндік дейді. Өткен жылы құ­рылған платформа халықаралық арт-резиденция ретінде қызмет етеді және ғылым, сәулет және әде­биет бойынша қоғамдық оқу бағ­дарламаларын ұсынады.

«Ainalaiyn Space жобасына бір жыл енді болады. Сонда да біз Лондондағы Mimosa House, Exposed Arts Projects, Hellenic Centre сияқты өнер институттарымен, арт-резиденция кезінде Грекияның Метеора геологиялық құрылымдарының мұражайымен ынтымақтаса алдық», деді Дүй­себаева-Зиябек.

Айта кетейік, көрме 15 қа­занға дейін жалғасады.