Өнер • 29 Қыркүйек, 2023

«Ана мен бала» – жеңімпаз

655 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Британиялық «Golden Time Talent» халық­ара­лық байқауында «Кес­кіндеме» аталымы бо­йынша отандасымыз Әсемгүл Сүлейменова жеңімпаз атанды.

«Ана мен бала» – жеңімпаз

«Кескіндеме» аталымына 30-дан аса елден 190 адам қатысқан. Байқауда отандасымыздың «Ана мен бала» туындысы үздік деп танылды.

«Жеңіске жеткенім туралы кеше білдім, басында тіпті сенбедім. Мен бала кезімнен сурет саламын, балалар көр­кемсурет мектебін және Ұлттық өнер университетін бі­тір­дім», дейді Әсемгүл.

ва

Суретші коммерция­лық жобалар үшін әртүрлі тех­ника мен стильде жұмыс істей­ді. Дегенмен жеңімпаздың жұ­мысынан ұлттық ерекше­лік элементтерін жиі көруге болады.

Бұған дейін «Ана мен ба­ла» картинасы Әсемгүл көр­месінің негізгі бөлігі ретінде жақсы бағаға ие болған.

«Кейінгі кезде байқау­лар­ға қатыса бермейтін болдым. Бұл байқауға қатысу туралы шешім кенеттен қа­был­данды. Жазда көрмем өт­кенде, авторлық картиналар серия­сын салдым. Орталық экс­понат «Ана мен бала» кар­тинасы болды. Мен оның адам­дарға қатты ұнағанын, жұрт одан көз алмағанын байқадым. Мұндай байқау­дың өтіп жатқанын көріп, бірден қатысуға өтінім беруді шеш­тім», дейді жеңімпаз.