«Кескіндеме» аталымына 30-дан аса елден 190 адам қатысқан. Байқауда отандасымыздың «Ана мен бала» туындысы үздік деп танылды.
«Жеңіске жеткенім туралы кеше білдім, басында тіпті сенбедім. Мен бала кезімнен сурет саламын, балалар көркемсурет мектебін және Ұлттық өнер университетін бітірдім», дейді Әсемгүл.
Суретші коммерциялық жобалар үшін әртүрлі техника мен стильде жұмыс істейді. Дегенмен жеңімпаздың жұмысынан ұлттық ерекшелік элементтерін жиі көруге болады.
Бұған дейін «Ана мен бала» картинасы Әсемгүл көрмесінің негізгі бөлігі ретінде жақсы бағаға ие болған.
«Кейінгі кезде байқауларға қатыса бермейтін болдым. Бұл байқауға қатысу туралы шешім кенеттен қабылданды. Жазда көрмем өткенде, авторлық картиналар сериясын салдым. Орталық экспонат «Ана мен бала» картинасы болды. Мен оның адамдарға қатты ұнағанын, жұрт одан көз алмағанын байқадым. Мұндай байқаудың өтіп жатқанын көріп, бірден қатысуға өтінім беруді шештім», дейді жеңімпаз.