Спорт • 29 Қыркүйек, 2023

Азия ойындарының жүлдегерлері елге оралды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы әуежайында Азия ойындарынан жүлдемен оралған жеңімпаздарымызды олардың жақындары мен жанкүйерлері қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия ойындарының жүлдегерлері елге оралды

Әлем назарын жаулаған Азия ойындарында Мағжан Шамшадин - қола, Абылайхан Жұбаназар - қола, Шархан Нұрлыхан - қола, Эсмигүл Куюлова - қола, Абиба Абужақынова - күміс медальға ие болды.

Айта кетейік, Қазақстан спортшысы Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алып, Қазақстан қазынасын 23 медальмен толықтырды.