Спорт • 30 Қыркүйек, 2023

Қазақтың екі боксшысы «Канело» - Чарло жекпе–жегі кешінде өнер көрсетеді

908 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 қазан күні Лас-Вегаста (АҚШ) Сауль «Канело» Альварес пен Джермелла Чарлоның жекпе–жегі өтетін кеште Қазақстан боксшылары Бек Нұрмағанбет (10-0, 8 КО) және Әбілхан Аманқұл (4-0, 4 КО) өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақтың екі боксшысы «Канело» - Чарло жекпе–жегі кешінде өнер көрсетеді

Фото: Sports.kz.

Бек Нұрмағанбет жеңілмеген нигериялық Абимбола Осундаиромен (5-0, 3 КО) алты раундқа есептелген жекпе-жек өткізеді.

Әбілхан Аманқұл америкалық Джошон Джеймспен (7-0-1, 4 КО) жекпе-жекке шығады. Орта салмақтағы аталған жекпе-жек те алты раундқа жоспарланған. Бұл жекпе-жек Астана уақытымен сағат 03:30-да басталады. Тікелей трансляция спорт жанкүйерлеріне қолжетімді болады.

Бек Нұрмағанбеттің соңғы жекпе-жегі мамыр айында өтіп, венесуэлалық Архенис Эспаньяны (15-2, 14 КО) екінші раундта нокаутқа жіберген. Әбілхан Аманкұл да отандасы сияқты мамыр айында мексикалық Фабимен жекпе–жегінің екінші раундында нокаут рәсімдеген еді.