Спорт • 30 Қыркүйек, 2023

Қазақстан спортшылары жазғы Азия ойындарының финалына өтті

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай қаласы Ханчжоуда өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында байдаркада есуден, қос байдаркадан, каноэде есуден Қазақстан спортшылары финалға өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан спортшылары жазғы Азия ойындарының финалына өтті

Фото: Туризм және спорт министрлігі

1000 метр қашықтыққа байдаркада есуден Кирилл Тубаев іріктеу кезеңінде 3:51.925 3. уақыт есебімен 2-орынға жетіп, финалға жолдама алды.

500 метр қашықтыққа қос байдаркадан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде Ирина Подойникова/ Ольга Шмелева 1:49.240 уақытпен 1-орын алып, финалға шықты.

500 метр қашықтыққа қос байдаркадан ерлер арасындағы іріктеу кезеңінде Игорь Ряшенцев/ Андрей Ергучев 1:38.338 уақытпен 2-орын алып, финалға өтті.

1000 метр қашықтыққа каноэда есуден Тимофей Емельянов 4:10.107 уақыт көрсеткішімен 4-орынға ие болып, 1/2 финалда сайысуға мүмкіндік алды.