Оқиға • 30 Қыркүйек, 2023

Баланы ұрған имам жұмыстан қуылды

462 рет
көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы бойынша өкілдігі Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы «Хидаят» мешітінде болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

Баланы ұрған имам жұмыстан қуылды

Фото: Бейнекадр

Еске салайық, мешітте намаз оқылып жатқан уақытта мешіт имамының кішкентай баланы ұрып жібергені туралы видео таралып, қызу талқыға түскен еді.

«Келеңсіз оқиғадан кейін Еңбекшіқазақ ауданының әкімшілік қызметкерлері, Шелек ауылының тұрғындары, дін қызметкерлері, мешіт жамағаты және баланың ата-анасының қатысуымен арнайы кездесу өтті. Жиында имам қателігін мойындап, баланың ата-анасынан, сондай-ақ көпшіліктен кешірім сұрады. Баланың заңды өкілдері имамның кешірімін қабыл алып, екі тарап өзара бітімге келді», делінген хабарламада.

ҚМДБ аталған оқиғадан тиісті қорытынды шығарғанын және баланы ұрған дін қызметкеріне шара қолданылғанын хабарлады. Бас мүфтидің бұйрығымен «Хидаят» мешітінің имамы жұмыстан шығарылды.

Видеодан сапта тұрған бірнеше адамның намаз оқып жатқанын, арасында бірнеше баланы, оның ішінде бір баланың әрлі-берлі жүгіріп жүргенін көруге болады. Оған кісілер мән берместен, намаз оқуды жалғастырады. Бір кезде бала имамға жақындағанда, ол оны бетінен ұрып жібереді. Бала сол жерде шалқасынан құлап түскен.

Соңғы жаңалықтар

Көмекші білезік

Қоғам • Бүгін, 20:27

Германия – әлем чемпионы

Футбол • Бүгін, 20:15

Grand Slam: Әзірге қоржын бос

Спорт • Бүгін, 20:05

Төрт өреніміз – финалда

Бокс • Бүгін, 19:53

Қыздардың қарқыны күшті

Спорт • Бүгін, 19:35