Спорт • 02 Қазан, 2023

Азиада-2023: Қазақстан тағы екі күміс медаль жеңіп алды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілдері Ханчжоудағы Азия ойындарында екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Азиада-2023: Қазақстан тағы екі күміс медаль жеңіп алды

500 метр қашықтыққа каноэде жұптық есуден командалық сайыста Руфина Искакова мен Мария Бровковая дуэті қытайлықтардан ғана ұтылып, күміс жүлдеге ие болды. Таиланд елінің есушілері «қола» жүлде алды.

Дәл осындай қашықтықтағы қос байдарка жарысында Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова да Қытайдан кейін екінші орын алса, Өзбекстан құрамасы қола жүлдегер атанды.