Фото: Olympic.kz
Алтын медальді сапында Тимур Хайдаров пен Сергей Емьянов бар Қазақстан командасы Жапония мен Иран спортшыларынан озып, 500 метрге каноэде есуден жеңіп алды.
Күміс медальдарды ұлттық құрама қоржынына ескек есуден екі әйелдер командасы салды: Мария Бровкова мен Руфина Искакова (каноэ, 500 м), сондай-ақ Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова (байдарка, 500 м).
Қола медальдарды Кирилл Тубаев (байдарка, 1000 м) және Тимофей Емельянов (каноэ, 1000 м), гимнаст Виктория Бутолина (батут), және Дмитрий Коблов, Александра Залюбовская, Дэвид Ефремов, Аделина Земс 4x400 метрлік аралас эстафетада ұтып алды.
Азия ойындарының 9-шы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы қоржынында 4 алтын, 7 күміс және 27 қола медаль бар.