Спорт • 03 Қазан, 2023

Алексей Луценко Азия ойындарының чемпионы атанды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ханчжоу қаласында жалауы желбіреген ХІХ жазғы Азия ойындарында ел қоржынына бесінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.  

Алексей Луценко Азия ойындарының чемпионы атанды

Фото: olympic.kz

Велошабандоз Алексей Луценко тас жолдағы жекелей сайыста 39,7 шақырымды 48:05.75 уақытта еңсеріп, жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері   А.Луценко 2014 жылы Оңтүстік Корея өткізген Азия ойындарында да чемпион атанды. Ал 2018 жылы Индонезия ұйымдастырған жазғы Азия ойындарында жекелей сында һәм топтық тартыста алтын медаль олжалаған болатын.

Осылайша  орда бұзар отыз жастағы Алексей  Луценко жазғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанды.