Тағайындау • 03 Қазан, 2023

Павлодар облысының прокуроры тағайындалды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Бас Прокурордың биылғы 3 қазандағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев ротация тәртібімен Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысының прокуроры тағайындалды

Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Берік Жүйріктаев 1978 жылы туған, білімі жоғары. Тұран университетінің түлегі.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1999 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры, Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Аталған тағайындауға дейін 2018 жылдан бастап Алматы қаласының прокуратурасын басқарған.