Фото: sport.akipress.org
77 келі салмақта күрескен Азат жапон Кодай Сакурабаны, Тайланд балуаны Висит Тамвиратты ұтып, жартылай финалға шыққан. Бірақ Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовқа есе жіберді.
Қола медаль үшін Камбоджа елінің балуаны Софак Кеоға қарсы күресуі тиіс еді. Софак сырқатын желеу етіп белдесуден бас тартып, Азат жазғы Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды.
Айта кетсек, бұл оның ересектер дуына қосылғалы бергі құрлықтық бәсекедегі алғашқы медалі.