Көрме • 04 Қазан, 2023

Теңге тарихын тербейді

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада «Ұлттық валюта – Қазақстан тәуелсіздігінің белгісі» атты кітап көрмесі ашылды. Қазақ теңгесінің арғы-бергі тарихы мен тәуелсіз Қазақстандағы ақша қатынасының қалыптасуы, сондай-ақ еліміздің экономикалық дамуы жөніндегі 100-ге жуық ғылыми-танымдық еңбектер көрініс тапқан көрменің ашылу рәсіміне жергілікті ғалым-ұстаздар, студенттер мен оқушылар, банк саласының өкілдері, әскерилер қатысты.

Теңге тарихын тербейді

Төл теңгеміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған көрме төрт бөлімнен тұрады. «Ақша тарихы – халық тарихы» деп аталатын алғашқы бөлімге қойыл­ған кітаптар қазақ теңгесінің ықылым замандардағы тарихын, Ұлы Жібек жолында жатқан Отырар қаласы сияқты ірі сауда орталықтарындағы ақша қатынасы туралы баяндайды.

Ал «Теңге – елдіктің ерекше белгісі» атты бөлімде теңге авторлары мен ұлт­тық валютаның қалыптасып, дамуын баян­дайтын іргелі еңбектермен қатар, күнделікті бұқаралық басылымдарда жарияланған танымдық мақалалардың қиындылары қойылған. Бұл бөлімдегі ең­бектердің ішінде теңге дизайнін жасап шыққан авторлардың бірі, суретші Хай­ролла Ғабжәлеловтің «Теңге» кіта­бы­на қызығушылық танытқандар көп болды.

мс

Салтанатты рәсімге арнайы кел­­ген Ұлттық банк филиалының өкіл­дері көпші­лік­ке мерейтойлық және ескерткіш моне­талар жиынтығын көр­сетіп, әр моне­таның шығу тарихын әңгімеледі.

Кітапханашы Шәрипа Досжанова­ның айтуынша, «Қазақстан эконо­ми­ка­сы: кеше және бүгін» деп аталатын төртінші бөлімде еліміздегі эко­номикалық реформалар мен нарық­тық қатынастардың қалыптасып, дамуы жөніндегі ғылы­ми еңбектер қойыл­ған. Көпшілік оқырман­ залына қойыл­ған көрме жыл соңына дейін жұмыс
істейді.

 

Қостанай облысы