Спорт • 05 Қазан, 2023

Әлімхан Сыздықовқа Азия ойындарының қола медалі бұйырды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грек-рим күресінің балуандары Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарын аяқтады. Өкінішке қарай елімізден барған балуандарға бұл жолы да алтын медаль бұйырмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлімхан Сыздықовқа Азия ойындарының қола медалі бұйырды

Фото: olympic.kz

130 келі салмақта сынға түскен  Әлімхан Сыздықов та жартылай финалда сүрінді. Қола медаль үшін тартыста түркмен балуанын 5:1 ұпаймен ұтып, қола жүлдеге қол жеткізді.

Грек-рим күресінен жазғы Азия ойындарының қола медалін Азат Садықов, күміс жүлдені Мейіржан Шермаханбет иеленді.