Фото: Ашық дереккөз
Қазақстаннан 2 тамызда әлемді жаяу саяхаттауға шыққан Сәрсенбай Қотырашев ақсақал Ресейді және Грузияны аралап, енді Түркия аумағына келіп жетті.
2 ай ішінде Түркияға жаяу жеткен ақсақал Ыстанбұл қаласында сапарын аяқтайды.
Бір жыл бұрын Қазақстан аумағын жаяу аралап өткен саяхатшы ақсақал әлемді өз көзімен көруді, саяхаттап Отанын танытуды бұрыннан армандаған екен. Ол жол бойы кездескен адамдарға қазақ халқының құндылықтары мен мәдениеті туралы әңгімелеп жүреді.
Жаяу саяхатшының ендігі мақсаты − Еуропаны аралау.