«Қуанышты жаңалық! Қалың көрерменнің қалауы болып, «Оян, қазақтың» кинотеатрлардағы көрсетілімі тағы бір аптаға ұзартылды. Енді талабымызға қадамымыз сай боп, келесі аптаны да аншлаг жасайық. Кинотеатрлар да сұранысты көрді ғой, мүмкін сеанстар санын бұдан да ұлғайтар. Мемлекеттің жұмсаған қаржысы ақталған (фильм 100 пайыз мембюджетке түсірілген) алғашқы тарихи жоба болса деген тілек бар», деп жазды Мұрат Есжан.
Еске салайық, бұл фильм 21 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартқан еді.