Спорт • 07 Қазан, 2023

Каратэші Данияр Юлдашев Азия ойындарының финалына шықты

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каратэші Данияр Юлдашев Азия ойындарының финалына шығып, келесі кезекте алтын медальға таласады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каратэші Данияр Юлдашев Азия ойындарының финалына шықты

Фото: sports.kz

84 келіге дейінгі салмақта каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы үш қарсыласынан басым түсті.

Қазақстан спортшысы Тайланд өкілі Тиирапат Канабкаевты 6:2, 2018 жылғы Азия ойындары мен әлем чемпионатының жүлдегері, тайбэйлік Чун Вей Вуды 7:4 есебімен ұтты. Содан кейін жартылай финалда иорданиялық, екі мәрте Азия чемпионы Мохаммед Алжафариді 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Юлдашев финалда малайзиялық спортшы Бин Аб Маликпен кездеседі.