Спорт • 07 Қазан, 2023

Анастасия Ананьева ескек есуден күміс жүлде иеленді

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Ананьева Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында слаломды есуден күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анастасия Ананьева ескек есуден күміс жүлде иеленді

фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Слаломды есуден әйелдер арасындағы финалдық сайыста 19 жастағы Анастасия Ананьева мәреге екінші жетті. Алтын медаль қытайлық Жуан Хуангқа бұйырды (107.71). Күміс медальді Анастасия Ананьева (119.29), қола медальді Жапон спортшысы Харука Оказаки (119.59) иеленді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасының спортшысы Данияр Юлдашев каратэден жарыстың финалына шыққанын хабарлаған едік.

Осылайша, Азия ойындарының соңғы күнінде Қазақстан құрамасы оныншы «алтынға» үміт артып отыр.