Әлем • 07 Қазан, 2023

Ауғанстанда 6,2 балдық жер сілкінісі болды

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстанның батысында 6,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауғанстанда 6,2 балдық жер сілкінісі болды

фото: ашық дереккөз

Жер сілкінісі 272 мың тұрғыны бар Герат қаласынан 40 шақырым жерде болды. 

Алматылық сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпулері Астана уақытымен 13:13-те тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1521 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,9. MPV магнитудасы – 6.4. Тереңдігі –10 км.

Сезілуі туралы мәліметтер тіркелген жоқ.