Әлем • 09 Қазан, 2023

Израильде ХАМАС шабуылынан қаза тапқандар саны 700-ге жетті

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Израильдік БАҚ жексенбі күні кешке Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) Израильге бұрын-соңды болмаған тосын шабуылынан қаза тапқандардың саны 700-ге жеткенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Израильде ХАМАС шабуылынан қаза тапқандар саны 700-ге жетті

Фото: Yasser Qudih / Reuters

Израильдің мемлекеттік телеарнасы үкімет шенеуніктеріне сілтеме жасап, ХАМАС-тың бөліну тосқауылын бұзып өтіп, жақын маңдағы елді мекендерге жасаған бірлескен шабуылынан кемінде 700 адам қаза тапқанын хабарлады. Сонымен қатар Газа секторында да жүздеген адам қаза тапты. Газадан Израильдің оңтүстік және орталық аймақтарына 3 мыңға жуық зымыран атылған.

Жексенбі күні кешке Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі Израиль ауруханаларындағы жараланғандар санын жаңартты, кемінде 2243 адамның жараланғанын, оның 22-сі ауыр халде екенін хабарлады.

Еврей мемлекетінің әскері жағдайды әлі толық бақылауда ұстамаған Израильдің оңтүстігінде ХАМАС содырлары Газа маңындағы бірнеше елді мекенде израильдік сарбаздармен оқ алмасуды жалғастырып жатыр.

Израиль қорғаныс күштерінің логистикалық қолбасшылығы оңтүстік аймақтардың тұрғындарын үйден шықпауға шақырды.

Осы уақытта Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәлімдемеге қарағанда, Израильдің Газадағы әуе шабуылдары кем дегенде 370 палестиналықты өлтіріп, тағы 2200-ін жаралаған.