Қоғам • 10 Қазан, 2023

Қазақстанда хиджаб үшін мектепке бармай жүрген қыздар бар ма?

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ата-аналардың діни көзқарасы мен мектеп формасына қойылатын талаптар арасындағы қайшылыққа қарамастан Қазақстанда бірде-бір қыз сабақтан қалмайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда хиджаб үшін мектепке бармай жүрген қыздар бар ма?

Фото: uganka.ru

Ол Атырау облысында 150-ден астам хиджаб киген оқушы қыздарды мектепке кіргізбей қойған жағдайлар болғанын растады. Сондай-ақ мектеп - сапалы білім мен тәрбие алатын орын екендігі туралы ата-аналармен де түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Сондықтан ата-аналардың көпшілігі түсініп, қабылдай бастады. Қазіргі уақытта мұндай сұрақтар жоқ. Басқа аймақтар бойынша орамал таққан студенттердің саны туралы менде деректер жоқ. Маған берілген мәлімет бойынша ондай оқушылар жоқ», деді ол Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалдарына жауап беріп.

Оның айтуынша, қазір бұл мәселе шешілген.

Бұған дейін министр талаптарға сәйкес барлық балалар оқу орындарына, оның ішінде жекеменшікке де мектеп формасымен баруы тиіс екенін айтқан еді.

Кейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook желісіндегі жеке парақшасында Қазақстан мектептерінде хиджаб кию мәселесі туралы айтқан еді.